Тоқаев Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына барды

20 Ақпан 2020, 14:52
1798
Бөлісу:
Тоқаев Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына барды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Кардиохирургия орталығында көпсалалы кешеннің жұмысымен танысып, лабораториялар мен бөлімдерді аралап көрді. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Юрий Пя президентке науқастарды емдеу және диагностика жасау процесіне инновация мен цифрлық технологияларды енгізу туралы егжей-тегжейлі айтты.   

Тоқаев Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына барды

Шын мәнінде, бұл орталықты озық әрі бірегей медициналық мекеме деп айтсақ артық болмайды. Әлемде мұндай орталықтар көп емес. Бұл – Елбасының арқасында жүзеге асқан жоба, – деді президент мекеме қызметкерлерімен әңгімелесу кезінде.   

Тоқаев Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына барды

Кездесу соңында мемлекет басшысы медицина қызметкерлерінің игілікті ісіне табыс тіледі. 

Өзгелердің жаңалығы