Каратэден ерлер командасы әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады

20 Қараша 2021, 11:38
610
Бөлісу:
Каратэден ерлер командасы әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каратэден Дубайда өтіп жатқан әлем чемпионатында командалық бәсекелер басталды. Қазақстан ерлер құрамасы қола жүлдеге таласады деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстандық каратэшілер командалық сында Босния және Герцоговина, Марокко және Косово құрамаларынан басым түсті.

Алайда, жартылай финалда италиялық қарсыластарына есе жіберді. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандықтар қола жүлдеге таласу құқығын алды. 

Біздің команданың кіші финалдағы қарсыласы - Түркия құрамасы.

Еске сала кетейік, жекелей сында төрт қазақстандық каратэші қола жүлде үшін даянгке шығады. Олар - Мөлдір Жаңбырбай (50 келі), Софья Берульцева (68 келі), Қайсар Алпысбай (60 келі) және Нұрқанат Әжіқанов (75 келі). 

Өзгелердің жаңалығы