Каратэдан әлем чемпионатында 4 спортшымыз қола медальға таласады

19 Қараша 2021, 16:45
669
Бөлісу:
Каратэдан әлем чемпионатында 4 спортшымыз қола медальға таласады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дубайда өтіп жатқан каратэдан әлемм чемпионатында жүлдеге таласатын қазақстандық спортшылардың есімі белгілі болды деп жазады Olympic.kz.

Әйелдер арасында 50 келіге дейінгі салмақтағы Мөлдір Жаңбырбай мен 68 келіге дейінгі салмақтағы Софья Берульцева қола медальға таласады. 

Сондай-ақ, ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Қайсар Алпысбай мен 75 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Әжіқанов әлемдік сында үздік үштікке енуге тырысады. 

Спортшылардың жекпе-жегі сенбі күніне жоспарланған.

 

Өзгелердің жаңалығы