Министр: 524 шетелдік пен қазақстандық карантиннен шығарылды

20 Ақпан 2020, 14:45
1824
Бөлісу:
Министр: 524 шетелдік пен қазақстандық карантиннен шығарылды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирус тіркелген елдерден келген азаматтарға медициналық бақылау күшейтілді. 14 күндік стационарлық карантинде болған 524 шетелдік пен қазақстандық тексеріліп, карантиннен шығарылды. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүгінгі брифинг барысында айтты. 

Қазіргі күні Қытай Халық Республикасында 24 мың 675 адам коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқас тіркелді. Оның ішінде 16 мыңнан астам науқас емделіп, ауруханадан шықты. Бірақ, өкінішке қарай 2 мың 121 адам вирустан көз жұмды. Қазақстанда коронавирус тіркелген елдерден келген азаматтарға медициналық бақылау күшейтілді. Медициналық ұйымдар 6 қаңтардан бастап Қытайдан келген азаматтардың денсаулығына тұрғылықты жері бойынша мониторинг жүргізуде. Бүгінге дейін 23 мың 801 адам қатаң бақылауда болды, қазіргі таңда 23 мың 647 адам мониторингтен шығарылды, ал соңғы 14 күнде келген 789 адамның 165-і әлі де медициналық бақылауда, - деп хабарлады миниср Елжан Біртанов. 

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, бүгінгі күнге дейін дене қызуы көтерілген және респираторлық ауру белгілері бар 165 адам ауруханаға жатқызылды. 158 жазылып шықса, 7 науқас стационарларда қалады. 

Пациенттердің жағдайы қанағаттанарлық. 14 күндік стационарлық карантинде болған 524 шетелдік пен қазақстандық тексерілді және карантиннен шығарылды. Қазақстанда коронавирус жұқтырған адам тіркелген жоқ, - деп мәлім етті ведомство басшысы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдайға арналған баспасөз конференциясында.

Алайда, әлемде коронавирустық инфекция жұқтырған және қайтыс болған адамдардың қатары артуда. Сондықтан да, қазақстандықтардың денсаулығы үшін тексеру және алдын алу шаралары күшейтілді.

Өзгелердің жаңалығы