Карантинге қарамастан сақтандырылғандар саны 15,9 млн адамға артты – ӘМСҚ басшысы

20 Қаңтар 2021, 17:12
1241
Бөлісу:
Карантинге қарамастан сақтандырылғандар саны 15,9 млн адамға артты – ӘМСҚ басшысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» басқарма төрағасы 2020 жылдың қорытындылары мен 2021 жылға арналған ӘМСҚ алдында тұрған міндеттер туралы айтып берді.

Медициналық сақтандыру жүйесін жүзеге асыру кезеңі коронавирус пандемиясымен тұспа-тұс келді. Қордың негізгі міндеті – медициналық ұйымдарды үздіксіз қаржыландыру және КВИ-мен күреске жұмылдырылған медициналық қызметкерлерін материалдық қолдау. Қор бұл міндетті толық орындады. Індеттің өршуіне дайындықты қамтамасыз ету үшін бірнеше маңызды шешім қабылданды. Пандемия кезінде бастапқы медико-санитарлық көмек қызметінің рөлі артты, мобильді бригадалар құрылды, үйге жіберілетін күндізгі стационарлар ұйымдастырылды, сондай-ақ, ПТР-диагностика зертханаларының қуаттылығы артты. Қор халықтың бұл қызметке қолжетімділігін қамтамасыз етті. Төтенше жағдайларға қарамастан, МӘМС іске қосылған бірінші жылының қорытындысы медициналық сақтандыру жүйесінің толыққанды жұмыс істегенін көрсетеді. Ол денсаулық сақтау жүйесіне 500 млрд теңгеден астам қаржы тартуға мүмкіндік берді, нәтижесінде медициналық қызметтер көлемі айтарлықтай артты. Осы қаражат есебінен, бейінді мамандар кеңесі, диагностика, тексерілу, күндізгі стационар қызметі сияқты медициналық қызметтер саны артты, - деді ол. 

Төкежанов 2021 жылы карантиндік шараларға, бизнестің төлем қабілетсіздігіне қарамастан, Қор сақтандырылған азаматтардың санын 15,9 млн адамға дейін арттыра алғанын айтады.

МӘМС жүйесінен 3 млн-нан астам қазақстандық қамтылмаған немесе тыс қалған. Бірақ олар әрқашан ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерді алуға құқылы. Қор әкімдіктермен және бейінді министрліктермен бірлесіп, халықты МӘМС-ке тарту жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыратын болады. 2020 жылдың 12 айында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) шамамен 550 млрд теңге аударылды. Ең ірі төлеуші мемлекет болды: азаматтардың 15 жеңілдік санаты үшін 297,6 млрд теңге енгізді. Жұмыс берушілердің өз қызметкерлері үшін аударымдары жалпы сомасы 162,6 млрд теңгені немесе 30%, жеке тұлғалар жарналарының үлесі-16% құрады, - деді ол.

2020 жылы Қордың медициналық қызметтерді сатып алу жоспары 1 трлн 807 млрд теңгені құрады және 2019 жылмен салыстырғанда бір жарым есеге артты: 1,2 трлн теңге ТМККК, 569 млрд теңге МӘМС жұмсалды.

Есепті кезеңде халыққа амбулаториялық деңгейде 215 млн қызмет көрсетілді. 110 млн жуық қабылдау жүргізілді, оның 33 млн-ы – бейінді мамандар, зертханалық зерттеулер саны 65 млн, диагностикалық процедуралар - 11 млн, оның ішінде 454 мың КТ/МРТ, 2,8 млн УДЗ, 13,5 мың ПЭТ диагностика, - деп түсіндірді Төкежанов.
Өзгелердің жаңалығы