Карантиндік шектеулерге қараған жоқпыз - Асылхан Джувашев

9 Шілде 2020, 17:46
1400
Бөлісу:
Карантиндік шектеулерге қараған жоқпыз -  Асылхан Джувашев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте "ҚазАгро" ҰБХ АҚ басқару­шы директоры Асылхан Джувашев айтты.

Карантиндік шектеулерге қарамастан, "ҚазАгро" холдингі агроөнеркәсіп кешенін белсенді қаржыландыруды жалғастырып жатыр. Биыл 6 (алты) айда саланы несиелендіруге 211 млрд теңге бөлінді. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелендіруге 82 млрд теңге аудардық. Бұған 70 млрд теңге бюджеттік несие және "қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша бөлінген 12 млрд теңге де кіреді. Қаржыландыру 4 млн га ауыл шаруашылығы жерлерін егуге мүмкіндік берді, - дейді Асылхан Джувашев.

Оның айтуынша, былтырғы жарты жыл ішінде "ҚазАгроҚаржы" арқылы фермерлерге лизингке 48 млрд теңгеге 2 854 ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтар алынған.

"Еңбек" мемлекетттік бағдарламасы аясында 17 млрд теңгеге 4 260 шағын несие берілді. Оның ішінде ауылдық жерлердегі ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер 8,5 млрд теңгеге 2 399 шағын несие алды. Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында 190 жұмыс орнын құрумен жалпы құны 5,8 млрд теңге болатын 10 жоба іске қосылды. Холдинг жұмысының қорытындысы бойынша өткен 6 айда ауылдық жерлерде 3 795 жаңа жұмыс орны ашылып, 14 392 адам жұмыспен қамтылды, - дейді  "ҚазАгро" ҰБХ АҚ басқару­шы директоры.

Өзгелердің жаңалығы