Бас жаңалықтар
Карантиндік шаралар жеңілдетілсе, қандай нысандар қайта ашылады?
24 Ақпан 2021, 18:05 259

Карантиндік шаралар жеңілдетілсе, қандай нысандар қайта ашылады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов карантиндік шаралардың жеңілдетілуіне қатысты түсініктеме берді. 

Бүгінде ведомствоаралық комиссия барысында карантиндік шараларды жеңілдету бойынша бірқатар шара атқарылуы керегі айтылды. Жақын арада өзгерістер енгізу туралы қаулы қабылданады. Біз КВИ таралуын тұрақтандыру бойынша бұл жағдай қызметтің түрлі нысандарындағы шектеулерді біртіндеп алып тастауға ықпал етеді деп үміттенеміз. Біз сондай-ақ Қазақстан халқын вакцинациялау жұмыстарын табысты жүргізу жұмыстарынан да үлкен үміт артып отырмыз, - деді Қиясов.

Сондай-ақ бас санитар цирктердің қызметіне рұқсат қарастырылғанын атап өтті.

Қазіргі таңда жұмыс істеуіне мүлдем тыйым салынған бизнес түрлерінің жұмысын «Ashyq» бағдарламасын іске асыру арқылы жандандыру жолдары қарастырылып отыр. Яғни боулинг, компьютерлік клубтар, бұқаралық спорт жарыстарымен байланысты қызмет түрлері, - деп атап өтті ол.

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері елімізде жоғары оқу орындарын ашу мәселесіне қатысты түсініктеме берді.

Біз қазір барлық мүмкіндікті пысықтап жатырмыз, оның ішінде Білім министрлігімен де атқарылған шаралар бар. Әзірге алдын ала болжам жасаудың қажеті жоқ. Бастысы бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. Біз үшін жағдайдың тұрақталуының уақытша болмағаны маңызды, - деді Ерлан Қиясов.

Айта кетейік, ол бұған дейін елімізде дәл қазіргі сәтте «қызыл» аймақта ешбір өңір қалмағанын мәлімдеген болатын.


Фото: дереккөз
Загрузка...