Бас жаңалықтар
Карантиндік baby boom: Қазақстанда туу деңгейі рекордтық көрсеткішке жетті
23 Шілде 2021, 10:49 951

Карантиндік baby boom: Қазақстанда туу деңгейі рекордтық көрсеткішке жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда туу көрсеткіші өсуде. «Карантиндік сәбилердің» саны өткен жылғы көрсеткіштен сегіз пайызға өскен, деп хабарлайды Ranking.kz.

Биыл бірінші тоқсанда елімізде 100,5 мың бала дүниеге келді, бұл соңғы жылдардағы тиісті кезеңнің ең жоғары көрсеткіші. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда туғандар 8,4 пайызға артық.

Салыстыру үшін, 2020 жылғы бірінші тоқсанда Қазақстанда 92,7 мың сәби дүниеге келген, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 0,8 пайызға ғана көп. 2019 жылғы «карантинге дейінгі» ұқсас кезеңде бар болғаны 91,9 мың бала болды, бұл тіпті өткен жылмен салыстырғанда 0,8 пайызға аз.

Жалпы, елдегі бала туу көрсеткіші қатарынан үшінші тоқсан жоғары болып отыр, яғни 2020 жылдың үшінші тоқсанынан бастап, бірден 116,7 мың сәби дүниеге келген. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 8,4 пайызға көп. Осыған ұқсас жағдай 2020 жылдың төртінші тоқсанында да болды, 111,7 мың «карантиндік балалар» дүниеге келді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда рекордтық 9,5 пайызға көп.


Нәтижесінде, 2020 жылы елде 425 мыңнан астам кішкентай қазақстандық дүниеге келді, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда алты пайызға көп. 2019 жылы 2018 жылға қарай туғандар санының өсуі тек 1,3 пайызды құраған болатын.

Елде биыл бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша халық саны 18,94 миллион адамға жетті.



Фото: дереккөз
Загрузка...