Бас жаңалықтар
"Карантиндегі жұлдыз". Бүгін Сәкен Майғазиев онлайн-концерт береді
27 Наурыз 2020, 14:39 373

"Карантиндегі жұлдыз". Бүгін Сәкен Майғазиев онлайн-концерт береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Мемлекет басшысына алғыс айтты.

Достар, еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет қайраткерлеріне шығармашылығы және елмен бірге болғаны үшін алғыс білдірді. Біздің қызметімізге мемлекет басшысы тарапынан берілген жоғары бағаға ризашылығымызды білдіреміз. Қасым-Жомарт Кемелұлы, қолдауыңызға көп рақмет! Келешекте де уақытша қиындықты бірге еңсеруге өз үлесімізді қосамыз - деп жазды министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол министрлік ұйымдастырған ҚазССР Халық әртісі, еліміздің мақтанышы, жезтаңдай әншіміз Роза Рымбаеваның концертін Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоғары бағалағанын атап өтті.

Президент "қиын-қыстау сәтте өнерімен халықтың рухын көтерудің әлем елдеріне үлгі боларлық дүние" деп атады. Біз үшін бұл үлкен абырой - дейді министр.

Сондай-ақ Ақтоты Райымқұлова бұл жоба алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейін, Министрлік "Қазақтелеком" АҚ техникалық қолдауымен Live тәртібінде танымдық дәрістер, спорт жаттығулары, қызықты сұхбаттар, "Карантиндегі жұлдыз" концерттері кіретін онлайн-жобаны іске асыруда. Бүгін қазақстандықтар Сәкен Майғазиевтің әуезді әндерін тыңдайтын болады. Алдағы уақытта тыңдармандардың ыстық ықыласына ие болған бірқатар өнер майталмандарына алаң ұсынбақпыз. Біздің эфирге қосылыңыздар, достар! Біз біргеміз! - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...