Карантинде Қытай азаматтарын Отанына жіберуге уәде берген әйел ұсталды

9 Қыркүйек 2021, 07:15
4618
Бөлісу:
Карантинде Қытай азаматтарын Отанына жіберуге уәде берген әйел ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда карантинде Қытай азаматтарын Отанына жіберуге уәде берген әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұдан бұрын 20-дан астам адам 40 жастағы М.есімді әйелдің заңсыз әрекеттеріне шағымданып, ресми арызбен полицияға жүгінген.

Жәбірленушілердің айтуынша, күдікті 2021 жылдың ақпанынан сәуіріне дейінгі аралықта турфирма атынан әрекет етіп, Қытай азаматтарына оларды ұшақ арқылы өз Отанына жіберуге уәде берген. Бұл қызмет көлемі үйге барғысы келетіндердің барлығына 650 мыңнан 950 мың теңгеге дейінгі аралықта болды. Шын мәнінде, әйел уәделерін орындамады. Оның әрекеті тергеумен ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Күдікті ұсталды және ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 131-бабына сәйкес ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оны қамауға алуға рұқсат берді. Тергеу жалғасуда, – деді Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.
Өзгелердің жаңалығы