Карантин: Жолаушылар пойыздарының кестесі өзгерді

20 Наурыз 2020, 05:29
3226
Бөлісу:
Карантин: Жолаушылар пойыздарының кестесі өзгерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантин кезеңіндегі жолаушылар пойыздарының кестесіне өзгерістер енді.

2020 жылғы 22 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы стансаларындағы теміржол вокзалдары барлық бағыттар бойынша жолаушылар үшін кетуге және келуге жабық болады.

Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның әрі қарай таралуына жол бермеу мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жолаушыларға сауалнама жүргізу енгізілген.

Төтенше жағдайды ескере отырып, теміржол көлігімен жол жүруден бас тартқан жолаушыларға хабарласқан күніне қарамастан билет құны толық көлемде қайтарылады. 

22 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы теміржол желілері бойынша қатынайтын 63 жолаушылар пойызының 44-і (Нұр-Сұлтан бойынша – 22, Алматы бойынша – 22 пойыз) тоқтатылады.

Стандартты

1. №10/9 Нұр-Сұлтан-Алматы

2. №53/54 Нұр-Сұлтан-Достық

3. №39/40 Нұр-Сұлтан-Челябинск

4. №353/354 Нұр-Сұлтан-Семей

5. №603/604 Нұр-Сұлтан-Арқалық

6. №623/627 Нұр-Сұлтан-Петропавл-Қызыл-Ту

7. №655/656 Нұр-Сұлтан-Айсары

8. №673/674 Павлодар-Нұр-Сұлтан

9. №7/8 Алматы-Саратов

10. №13/14 Алматы-Достық

11. №301/302 Алматы-Новосібір

12. №351/352 Алматы-Өскемен

13. №373/374 Алматы-Жезқазған

14. №379/380 Алматы-Орал

15. №393/394 Алматы-Алтынкөл

 

Тальго

1. №3/4 Нұр-Сұлтан-Алматы

2. №67/68 Нұр-Сұлтан-Өскемен

3. №91/92 Нұр-Сұлтан-Қызылорда

4. №95/96 Нұр-Сұлтан-Орал

5. №1/2 Алматы-Ташкент

6. №11/12 Алматы-Шымкент

7. № 25/26 Алматы-Шымкент

8. №29/30 Алматы-Атырау

9. №31/32 Алматы-Павлодар

10. №51/52 Алматы-Орал

11. №69/70 Алматы-Өскемен

12. №71/72 Алматы-Түркістан

13. №701/702 Алматы-Нұр-Сұлтан

14. №705/706 Алматы-Петропавл

15. №712/711 Нұр-Сұлтан-Шымкент

  

Қалааралық

1. №7502/7501 Нұр-Сұлтан-Павлодар

2. №7510/7509 Нұр-Сұлтан-Павлодар

3 №7507/7508 Нұр-Сұлтан-Көкшетау

4. №6829/6830 Ерейментау-Көкшетау

5. №6803/6804 Нұр-Сұлтан-Атбасар

6. №7553/7556 Қарағанды-Нұр-Сұлтан

7.№6932/6931 Алматы-Сарыөзек

8. №6934/6933 Сарыөзек-Ақтоғай

9. №6985/6986 Алматы-Алтынкөл

10. №6996/6995 Көкшетау-Қызыл-Ту

11. №6892/6891 Жалтыр-Жайнақ

12. №6889/6890 Атбасар-Есіл

Жекеменшік пойыздар

1. №15/16 Алматы-Петропавл

2. №6947/6948 Алматы-Қазыбек-Бек

 

8 транзиттік пойыз қатынай береді, бірақ енді олар Нұр-Сұлтан және Алматы стансаларына тоқтамайды. 

1.№21/22 Қызылорда-Семей пойызы Алматы-1 стансасына тоқтамайды;

2.№83/84 Қарағанды-Петропавл пойызы Нұр-Сұлтан стансасына тоқтамайды;

3.№339/340 Павлодар-Пресногорьковская пойызы Нұр-Сұлтан стансасына тоқтамайды;

4.№43/44 Қостанай-Алматы Нұр-Сұлтан стансасына тоқтамайды және бағыты Отар стансасына дейін қысқартылды;

5.№327/328 Қостанай-Қарағанды пойызы Нұр-Сұлтан стансасына тоқтамайды;

6.№56/55 Қызылорда-Көкшетау пойызы Нұр-Сұлтан стансасына тоқтамайды;

7.№76/75 Қызылорда-Петропавл  пойызы Нұр-Сұлтан стансасына тоқтамайды;

8.№118/117 Қызылорда-Нұр-Сұлтан пойызының бағдары өзгертіліп, Екібастұз стансасына дейін ұзартылды.

 

11 пойыз бойынша бағыттары жақын маңдағы стансаға дейін қысқартылады. Мысалы, Маңғыстау-Нұр-Сұлтан пойызының бағдары Маңғыстау-Атбасар стансасына дейін қысқартылады.     

1.№37/38 Маңғыстау-Нұр-Сұлтан пойызының бағдары Атбасар стансасына дейін қысқартылды;

2.№47/48 Атырау-Нұр-Сұлтан пойызының бағдары Курорт-Боровое стансасына дейін қысқартылды;

3.№23/24 Ақтөбе-Алматы пойызының бағдары Шу стансасына дейін қысқартылды;

4.№33/34 Ақтөбе-Алматы пойызының бағдары Шу стансасына дейін қысқартылды;

5.№41/42 Атырау-Алматы пойызының бағдары Шу стансасына дейін қысқартылды;

6.№77/78 Маңғыстау-Алматы пойызының бағдары Шу стансасына дейін қысқартылды;

7.№86/85 Нұр-Сұлтан-Сарыағаш пойызының бағдары Қарағанды стансасына дейін қысқартылды;

8.№57/58 Орал-Нұр-Сұлтан пойызының бағдары Курорт-Боровое стансасына дейін қысқартылды;

9.№108/107 Жезқазған-Нұр-Сұлтан пойызының бағдары Қарағанды стансасына дейін қысқартылды;

10.№121/122 Нұр-Сұлтан-Семей пойызының бағдары Қарағанды стансасына дейін қысқартылды;

11.№6857/6858 Қарағанды-Нұр-Сұлтан қаламаңы пойызы Аршалы стансасына дейін қысқартылды.
Өзгелердің жаңалығы