Бас жаңалықтар
Карантин ұзартыла ма?
09 Шілде 2020, 12:18 285

Карантин ұзартыла ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен "Короновирустық инфекция және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағдайы туралы" онлайн брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой шектеу шараларының ұзартылуына қатысты ойымен бөлісті.

Карантинді ұзартуға қатысты айтарым, бастапқыда ұсыныс енгізілді және оған азаматтардың режимнің барынша ыңғайлы, сонымен қатар, шектеу шараларының індеттің шұғыл тарауымен күресуге қауқарлы болғаны, бизнес-қоғамдастық жұмысына қатысты ұсыныс-тілектері ескерілді. Кез келген баға инкубациялық кезеңмен, яғни 14 күнге байланысты болуы тиіс, - деді ол. 

Министр шектеу шараларының жалғасу-жалғаспауы белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін белгілі болатынын айтты.
Қазір біз қандай да бір аралық нәтижелерді көріп отырмыз, бірақ нақты нәтижені біз екінші аптаға жақынырақ немесе бағалау жүргізгеннен кейін бірден көре аламыз. Шектеу шараларының жалғасуы немесе күшейтілуі карантин аяқталғаннан кейін түсінікті болады. Біз бұл мәселені ел ғалымдары және шетелдік әріптестерімізбен бірге пысықтаудамыз, - деді Цой.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін министр Ресейден жеке қорғаныш заттары бар борт әкелу жоспарланып отырғанын айтқан еді. Сонымен қатар, дәрі алдырту үшін Ресейге екі, Үндістанға бір жүк борты жіберілгенін хабарлаған болатынбыз.
Загрузка...