Карантин: Теміртауда түнгі уақытта жастар клубы жұмыс істеп тұрған

18 Қазан 2020, 04:33
1715
Бөлісу:
Карантин: Теміртауда түнгі уақытта жастар клубы жұмыс істеп тұрған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртауда карантин кезінде түнгі уақытта жастар клубы жұмыс істеп тұрғаны анықталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Мобильді топ мүшелері Теміртауда түнгі уақытта көңіл көтеру орындары жұмысын тоқтатпағанын анықтады. Жабық есіктің артындағы Iq pub дискотекасына шамамен 50 адам жиналған.

Мекеме әкімшілігі есікті ашу туралы үндеулерге жауап бермеген және біраз уақыттан кейін келушілерді ғимараттың жертөлесіне жасырып, полиция мен санитарлық қызмет өкілдерін ішке кіргізген.
Клуб иесіне қатысты ӘҚ туралы ҚРК 425 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал Теміртау сотына жіберіледі. Түнгі уақытта дискотека ұйымдастырған карантин бұзушыға 230 АЕК көлемінде айыппұл салынады,- делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы