Карантин тәртібіне бағынбаған кәсіпкерлер 124 млн теңге айыппұл төледі

27 Қазан 2020, 07:44
815
Бөлісу:
Карантин тәртібіне бағынбаған кәсіпкерлер 124 млн теңге айыппұл төледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19-25 қазан аралығында елордада мобильді топтар карантин талаптарын бұзған 133 нысанды анықтады, деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Карантин тәртібін сақтамаған шағын және орта бизнес субъектілері, қала тұрғындары 124 млн теңге айыппұл төледі. Қалада полиция қызметкерлері, СЭС өкілдері және волонтерлер кәсіпкерлер мен тұрғындардың санитарлық нормаларды сақтауын тексеріп жүр, - деп жазылған хабарламада.
19-25 қазан аралығында Алматы ауданын аралау кезінде 50 бұзушылық анықталды, Байқоңыр ауданында - 32, Есіл ауданында - 40, Сарыарқа ауданында - 51. Жиналған материалдар процессуалдық шешімдер қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді.
Өзгелердің жаңалығы