Бас жаңалықтар
Карантин талаптарын бұзған нысандар жабылады
12 Ақпан 2021, 13:45 330

Карантин талаптарын бұзған нысандар жабылады

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында карантин шектеулеріне қарамастан той тойлау тыйылар емес. Өңірде санитарлық талаптарды сақтамаған кәсіпкерлік нысандары сот шешімімен жабылады. Бұл туралы Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина мәлімдеді.

Мобильдік топтар 20.00-ден кейін және демалыс күндері жұмыс істеген нысандарды анықтады. Карантин талаптарын кәсіпкерлер ғана емес, тұрғындар да бұзуда.

Карантинде отбасылық мерекелер ұйымдастыру деректері тіркелді. Кейбір адамдар тойларды коттедждерде өткізеді. Бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылған нысандар бар. Бірақ бұл олардың жұмысын тоқтатуға кедергі келтірмей отыр. Мәселен, өткен жылы Көкшетаудағы «Алтын шаңырақ» дәмханасы карантинді бұзғаны үшін төрт рет жауапқа тартылған. Ескерту жасалса да «Хан Сарай» мейрамханасы екінші рет ұсталды. «Пинта» гриль-бары екі мәрте заң бұзды. «JJT» түнгі клубы өткен жылы төрт рет әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді бас санитарлық дәрігер Айнагүл Мусина.

Карантинді бұзғаны жеке тұлғаларға – 30 АЕК, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 230, орта кәсіпкерлікке – 310, ірі кәсіпкерлікке – 1 600 АЕК әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Ескерту жасалғаннан кейін де заң бұзушылықтар бірнеше рет қайталанған жағдайда біз сот шешімімен кәсіпкерлік нысандарын жабуға дейінгі шектеу шараларын қолдануға мәжбүрміз. «Беддуин» дәмханасына қатысты қызметін тоқтата тұру туралы сотқа талап арыз берілді. Сондай-ақ, «Алтын шаңырақ» дәмханасына қатысты материалдар да сотқа ұсынылады. Кәсіпкердің өзі денсаулық сақтау министрлігіне, Бас прокуратураға шағым түсірді. Сот процесі жүріп жатыр. Қазір соңғы дерек бойынша пысықтап, шара қабылдап, материалдарды сотқа жолдаймыз, – дейді Айнагүл Мусина.

2020 жылдың 5 шілдесінен осы уақыта дейін 18 мыңға жуық нысанда тексеру жүргізілді. Мыңнан астам заң бұзушылық анықталды. 137 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.


 



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...