Бас жаңалықтар
Карантин талаптары. Қымбатқа түскен қыдырыс
02 Қыркүйек 2021, 20:02 699

Карантин талаптары. Қымбатқа түскен қыдырыс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантин режимін бұзған оралдықтар 3 млн теңгеге жуық айыппұл төлеулейді. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады. 

Батыс Қазақстан облысында  «Ashyq» жобасы жүзеге асырыла бастағаннан бері кейбір азаматтардың қоршаған ортаға деген санитариялық-эпидемиологиялық жауапкершілігінің төмен екендігі байқалды. Статистикалық мәліметтер көрсеткендей  COVID-19-бен ауырғандар және олармен  байланыста болғандар   карантиндік шараларды сақтамай, оқшаулау режимін бұзып қоғамдық орындарға бару жағдайлары тіркелу үстінде - делінген хабарламада.

"Ashyq" қосымшасының деректері бойынша тамыз айында Батыс Қазақстан облысында адамдар көп жиналатын жерлерге екі аптаға оқшаулауға жататын 596 келуші анықталған, оның ішінде "қызыл" мәртебесі бар-351, "сары" мәртебесі бар – 245 адам. Үй карантинін бұзушылардың ең көбі  Орал қаласында тіркелді. ПТР-тестінің оң нәтижесі бар 237 азамат және жұқтырғандармен байланыста болған 137 адам ойын сауық орталықтарында, тамақтану орындары, базарлар мен ірі сауда желілеріне кіруге тырысқан.

Анықталған бұзушылықтар бойынша ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі бойынша 2 683 640 теңге көлемінде  62 әкімшілік хаттама толтырылды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...