Бас жаңалықтар
Карантин шектеулері өрт қауіпсіздігіне кері әсер еткен
10 Қыркүйек 2021, 11:23 122

Карантин шектеулері өрт қауіпсіздігіне кері әсер еткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Еркін Отарғалымұлы әкімдікте өткен онлайн брифингте айтты.

Бүгінгі күні әрбір екінші өрт электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу салдарынан, әрбір үшінші және төртінші өрт пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу және отпен абайсыз болу салдарынан шығып отыр. Аталған статистикаға пандемияға байланысты енгізілген шектеулер әсер етті, өйткені өрттің алдын алу халықпен минималды байланыста болатын карантиндік шектеулерді ескере отырып жүргізіледі, - деді ол.

Еркін Отарғалымұлы жер учаскелерін мақсатсыз пайдалану да өрт қауіпсіздігіне әсер ететінін айтты.

Өртті талдау жер учаскелерін мақсатсыз пайдалану нәтижесінде жатақханалар мен коммерциялық қызметке қайта жабдықталған тұрғын үйлерде және өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелері еленбейтін саяжай үйлерінде өрттің пайда болу қаупінің жоғары екенін көрсетеді. Бұл ретте үй-жайларды әрлеу үшін жанғыш материалдар пайдаланылады, олардың жануы кезінде қауіпті, улы жану өнімдері бөлінеді, - деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, тәуекел тобына сонымен қатар ассоциалды өмір салтын жүргізетін азаматтар санаты және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар кіреді.

Ішкі істер органдарымен бірлесіп олармен жұмыс жүргіземіз. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, қазіргі жағдайда қаланың коммуналдық-тұрғын үй қорының шатыр асты мен жертөле үй-жайларына кіруін шектеу бойынша шаралар қабылдау қажет, - деді ол.


Фото: дереккөз
Загрузка...