Карантин нысандары тәулік бойы күзетіледі – Бекшин

1 Тамыз 2020, 16:18
1609
Бөлісу:
Карантин нысандары тәулік бойы күзетіледі – Бекшин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

Коронавирус індеті анықталған адамдардың үй карантинінде емделуін полиция департаменті мен еріктілер, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мониторинг жүргізу үшін аудандық мобильдік топтарды құру тапсырмасы берілді. Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті ұсынысы бойынша, жедел-жәрдем келгенге дейін тәртіпке бағынбайтын коронавирус індеті бар адамдарды ұстауға тәулік бойы карантин нысандары күзетке алынады, - деді ол. 

Бекшин коронавирус жұқтырған адамдарға қандай жеңілдіктер бар екенін айтты. 

Диагнозы расталған адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында білікті медициналық көмек алуға құқылы. Еңбекке жарамсыздық туралы парағын ашуға, ақпарат алуға, ықтимал қауіп пен артықшылықтар туралы мәліметтер, емдеудің ұсынылған және балама әдістері, емделуден бас тартудың ықтимал салдары туралы ақпарат ала алады. Осындай көп ақпаратқа қол жеткізуге құқықтары бар, - деді ол.

Ол атағандай, диагноз расталған науқастың карантин ауруханасында болуы бюджеттен төленеді. 

Карантин жағдайын бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке, ал басқа адамға жұқтырған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ауру жұқтырған адамдар санитарлық-профилактикалық талаптарды ұстанып, жұқтыруды болдырмау мақсатында өзге адамдармен байланысты үзуі керек, - деді ол.
Айта кетейік, бүгінгі брифинг барысында Жандарбек Бекшин шілдеде тексеріс кезінде карантин талаптарын бұзу бойынша 23 жағдай тіркелгенін, ПТР нәтижесі оң болған кезде үйде отырмайтындар да табылғанын айтты. Осындай жағдайларға шектеу қою үшін арнайы Қаулы шығарып жатқанын да атап өтті.

Сонымен қатар, ол коронавирус жұқтырған азаматтар 12 сағат ішінде есепке алынатынын мәлімдеді.
Өзгелердің жаңалығы