Карантин кезінде екі қалаға кімдер кіре алады?

17 Наурыз 2020, 20:09
3612
Бөлісу:
Карантин кезінде екі қалаға кімдер кіре алады?
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына кіріп-шығу тәртібі туралы айтты.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының периметрі бойынша денсаулық сақтау органдарымен және қорғаныс министрлігімен бірге көлік құралдарының кіруі мен шығуы азаматтардың қозғалысын шектейтін жол жабықтары (блокпосттар) орнатылады. Қалаға Нұр-Сұлтан мен Алматыда тиісті тіркеуде тұрған адамдар және қалалардың өмірлік қызметтерін қамтамасыз етуге қажет адамдар ғана кіреді. Тізімді әкімдіктер анықтайды, - деді министр "Хабар 24" телеарнасының эфирінде.
Оның айтуынша, бұл тыйым тұтыну тауарларын жеткізетін көлікке әсер етпейді. Министр енгізілген шаралар азаматтардың қауіпсіздігін және денсаулығын сақтау үшін қажет екенін түсіндірді.



Сонымен қатар, жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік жүктелетінін ескертті және азаматтарды карантин кезінде түсіністік танытуға шақырды.

Бұдан бөлек, ішкі істер министрі полиция қызметкерлерінің ерекше қызмет режимі туралы хабарлап, карантин кезінде 8 мың полицей қоғамдық бақылауды күшейтетінін айтқан болатын.

Айта кетсек, әлемді жаулаған коронавирус індеті біздің елімізге де таралып кеткендіктен мемлекет басшысы 15 наурыз күні төтенше жағдай жариялады. 

Кейіннен ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия биылғы 19 наурыздан бастап, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін енгізді.
Өзгелердің жаңалығы