Карантин кезінде 8 мың полицей қоғамдық бақылауды күшейтеді

17 Наурыз 2020, 19:33
1583
Бөлісу:
Карантин кезінде 8 мың полицей қоғамдық бақылауды күшейтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полиция қызметкерлерінің ерекше қызмет режимі туралы хабарлады.

Ішкі істер органдарының жеке құрамы қызметтің ерекше режиміне ауыстырылды. Ішкі істер органдарының негізгі міндеті - қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Екінші  міндет - маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілерді қорғау. Олардың қатарында мемлекеттік органдар мен дипломатиялық өкілдіктер бар, - деді "Хабар 24" телеарнасына сұхбат берген Ерлан Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, қоғамдық бақылау күшейтіліп жатыр.
Полицияның жұмысы артты. Қоғамдық тәртіпті сақтауға 8 мыңнан астам қызметкерлер және 4 мың ұлттық ұлан қызметкерлері шықты. Полиция бөлімшелерінің жедел бақылау орталықтарында бейнебақылау жүйелері арқылы қоғамдық орындарға бақылау күшейтілді. Медициналық қызметкерлермен бірге, ауру күдігі бар азаматтарды анықтау шаралары қабылданып жатыр. Сонымен бірге, коронавирустық инфекцияға қарсы іс-қимыл бойынша ІІМ жедел штабы құрылды, - деді министр.
Еске салсақ, 15 наурыз күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің жаппай таралуына байланысты елімізде төтенше жағдай режимін енгізді.

Артынша 17 наурыз күні ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтіп, биылғы 19 наурыздан бастап, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін енгізген болатын.


Өзгелердің жаңалығы