Карантин: Елордадан кіріп-шығуға кімдерге рұқсат берілді?

15 Мамыр 2020, 17:23
1048
Бөлісу:
Карантин: Елордадан кіріп-шығуға кімдерге рұқсат берілді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы санитариялық блокпосттар жұмысының жаңа алгоритмі 13 мамырдан бастап күшіне енді. 

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алгоритмге сәйкес, қала аумағына шығуға/кіруге тыйым салуды қамтамасыз ете отырып, блокпостарда санитариялық-карантиндік бақылау жалғасуда, мыналарды қоспағанда: 

- халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері; 

- ТЖ режимі алынып тасталғаннан кейін өз жұмысын қайта бастаған ұйым қызметкерлері; 

- карантин аймағына, одан тыс жерлердегі саяжай учаскелеріне (қала сыртындағы үйлерге) бара жатқан тұлғалар; 

- медициналық көрсеткіштер бойынша шығатын және келетін адамдар; 

- көктемгі егіс жұмыстарына жіберілген тұлғалар; 

- Ақмола облысының Целиноград, Аршалы, Шортанды және Қорғалжын аудандарының тұрғындары; 

- ҚР басқа өңірлерінде тіркелген карантин аймақтарынан шығатын адамдар санитариялық блокпосттарда қажетті құжаттарды толтырғаннан кейін; 

- патрульдік полицияның еріп жүруінсіз жерлеу мақсатында карантин аймағын кесіп өтетін азаматтар; 

- шет мемлекеттердің азаматтары; 

- карантин аймағына немесе карантин аймағынан өздерінің кәмелетке толмаған балаларына бара жатқан тұлғалар; 

- карантин аймағына немесе карантин аймағынан сырқат туыстарына күтім жасау мақсатында бара жатқан тұлғалар; 

- әуе рейсімен бара жатқан тұлғалар; 

- қалпына келтіру жұмыстары және су тасқынына қарсы іс-шараларға көмек көрсету үшін Түркістан облысына жіберілетін тұлғалар; 

- азық-түлік және азық-түліктік емес тауарлардың жүк көліктері; 

- транзит. 

Сонымен қатар, бекітілген құжатта карантин аймағын кесіп өту бойынша барлық түпкілікті шешімді жауапты қызметкерлер блокпостарда қабылдайтыны айтылған. 

Нұр-Сұлтан қаласының карантин аймағын кесіп өтетін әрбір тұлға "БЛОКПОСТ" ақпараттық деректер базасында міндетті түрде есепке алынуы тиіс, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы