Бас жаңалықтар
Карантин. Елордада жаңа қаулы қабылданды
02 Қазан 2021, 15:32 1208

Карантин. Елордада жаңа қаулы қабылданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенованың карантиндік шектеулерді жеңілдетуге қатысты жаңа қаулысы шықты.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары келесі талаптарды қатаң сақтауы керек:

- бұқаралық іс-шараларға, марафондар, спорттық, отбасылық, еске алу іс-шараларды қоса алғанда, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) өткізуге және оларға қатысуға, «Ashyq» жобасына қатысатын іс-шараларды өткізуді қоспағанда, сондай-ақ митингілер, шерулер, жиындар және т. б. ұйымдастыруға және қатысуға тыйым салынды.

- қызметі жаңартылмаған немесе тыйым салынған объектілерге: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға, PlayStation клубтарына, бильярдқа, караокеге, батуттарға, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселерге және ойын клубтарына, оның ішінде лотерея ұтыс ойыны, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын-сауық орталықтарына, балалардың ойын бөлмелеріне, ойын алаңдары мен аттракциондарына, оның ішінде спорттық объектілерде орналасқандардан басқа, мұзды және роликті сырғанақтарға бармау («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда).

- «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін App Store және Play Market-тен жүктеу үшін қолжетімді «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану қажет.

- қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде маска тағу, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау қажет.

Құжжжатттта Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, кәсіпкерлер палатасына, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларына, кәсіпкерлік субъектілеріне кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын іске асыруды жалғастыру қажеттігі айтылған.

«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемдеріне сәйкес барлық объектілердің жұмысына рұқсат етілсін:

  • жұмыс күндері – «Ashyq» жобасына қатысатын барлық объектілер үшін -сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына-сағат 02.00-ге дейін;
  • демалыс күндері-сағат 00.00 - ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына- сағат 02.00-ге дейін, қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебесі болған жағдайда (вакцинация, теріс нәтижесі бар тест ПТР сынамаларды іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайды, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар).

Сонымен қатар фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің жұмыстарын, бассейндер мен сауналарды, СПА, массаж, пилинг залдарының жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін ұйымдастыруға, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салынды.

Одан бөлек, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысына сенбі және демалыс күндері тыйым салынды. Мейрамхана, дәмхана, кофеханалар, асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс кестесі жұмыс және демалыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастырылады.

Қаулының толық нұсқасымен мына жерден танысуға болады. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...