Бас жаңалықтар
Карантин: Елордада мобильді топтар 184 заң бұзушылықты анықтады
31 Қазан 2020, 21:19 140

Карантин: Елордада мобильді топтар 184 заң бұзушылықты анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігі, СЭС өкілдері, еріктілер және полиция қызметкерлері карантинді сақтау және коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау бойынша рейдтерді жалғастыруда, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Сонымен, 30 және 31 қазанда сағат 22.00-ден 04.00-ге дейін Алматы ауданының мобильді тобы 34 нысанды тексерді.

Көбіне кафелер, мейрамханалар, тамақтану орындары жұмыс уақытын үзіп тастайды. Әлеуметтік қашықтық сақтау бойынша ескертпелер бар. Сонымен қатар кейбір мекемелер ұжымдық іс-шаралар, туған күн, үйлену тойларын өткізіп, карантин тәртібін өрескел бұзады, - деді Алматы аудандық ТКҚСҚ бақылау басқармасы басшысы Гаухар Шапатаева.

Атап айтқанда, Алматы ауданында кезекті рейд барысында 6 нысанда заң бұзушылықтар анықталды.

«Шахрезада» мейрамханасы (Жұмабаев көшесі, 8) сағат 22: 21-де ашық болып, 15 келушінің қатысуымен ұжымдық іс-шара өткізген. «Babur» мейрамханасында (Байтұрсынов көшесі, 41) 30 адам болды.

«Инфинити» саунасы (Жанкент көшесі 180) сағат 23: 40-та жұмыс істеді, ішінде 4 клиент болған.

Карантин режимін бұзушылардың қатарында «Дельфин» автокөлік жуу орны (Балқантау көшесі, 56), «Мико» кафесі (Балқантау көшесі, 53) және «Надежда» гүл дүкені (Жұмабаев көшесі, 26/1) бар.

Барлығы 23-29 қазан аралығында елорданың барлық аудандарында 57 рейд жүргізілді. 1400-ден астам ШОБ тексерілді. 184 заң бұзушылық анықталып, 54 айыппұл салынды.


Фото: дереккөз
Загрузка...