Бүгін "Карантин" деректі фильмі көрсетіледі

20 Мамыр 2020, 16:39
1338
Бөлісу:
Бүгін "Карантин" деректі фильмі көрсетіледі
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "ҚазАқпарат" ХАА" АҚ "Карантин" деректі фильмін бүгін сағат 20:20-де назарларыңызға ұсынады.

2020 жыл – кібісе жыл. Яғни төрт жылда бір келеді. Аталған жылдың төңірегінде халық арасында алуан түрлі әңгіме айтылады. Көпшіліктің пікірі "кібісенің қаупі басым" деген ойда. Расымен биылғы жыл әлемде алуан түрлі оқиғалармен басталды. Солардың ішінде жер жаһанды дүрліктірген – коронавирус індеті (COVID-19). Қазақстан аурумен күресті ертерек бастап, оның таралуының алдын алуға барынша тырысып, қажетті шешімдерді дер кезінде қабылдады. Әйтпегенде, науқастар саны бұдан да көп болуы мүмкін еді.


Жалпы індет Қазақстанға қашан келді? Төтенше жағдай режимі енгізілген кезде кімдер жұмыс істеді? Біз барлығымыз үйде отырғанда, ауруға бетпе-бет шығып, денсаулығын бәйгеге тіккендердің тіршілігі қандай болды? Олар нендей қиындықтарға төтеп берді? 

Міне осы сұрақтарға біздің "ҚазАқпарат" ХАА" АҚ "Мультимедиа" бөлімінің түсіру тобы жауап іздеді. Арнайы жоба жасады. Бұл – алғашқы туынды. Алдағы уақытта деректі фильмдер түсіруді қолға аламыз. "Карантин" деректі фильмін бүгін, яғни 20 мамырда сағат 20:20-де біздің порталымыздың Youtube-арнасынан көріңіздер!

Деректі фильмді https://www.youtube.com/channel/UCwKjUBssaNKcMuEigbAPx-g сілтемесі арқылы көре аласыздар.


Өзгелердің жаңалығы