Карантин: Атырауда жеке көлікпен жүруге тыйым салынды 

16 Сәуір 2020, 15:06
1995
Бөлісу:
Карантин: Атырауда  жеке көлікпен жүруге тыйым салынды 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда карантин 1 мамырға дейін ұзартылуына байланысты жеке автокөлікпен қала ішінде жүруге тыйым салынды.


Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов осы мәселе бойынша қосымша түсінік берді.     
Атырау облысы бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, карантин кезінде жұмыс жасауға рұқсат етілген кәсіпорындар персоналды алып жүруді тек қызметтік көлікпен қамтамасыз етуі тиіс. Жеке автокөлікті пайдалануға қатаң тыйым салынды. Бұның ішіне кірмейтіндері – азық-түлік дүкендеріне тауар жеткізетін, аптекалар желісіне дәрі мен медициналық өнімдер, қоғамдық тамақтану орындарынан (ресторан, бар, асхана және басқалары) онлайн жеткізумен айналысатын көліктер, - деді С.Шапкенов.

Сонымен қатар, автокөліктің әрбір жүргізушісі өзімен бірге қажетті құжаттарды алып жүруі тиіс – ұйыммен келісімшарт және анықтама, жеткізу мекенжайы, жеке куәлігі, тауар тасуға рұқсатын растайтын басқа да құжаттар. 

Сондай-ақ, әкімнің бірінші орынбасары атап өткендей, ерекше жағдайларда жеке автокөлікті пайдалануға құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлеріне құқық беріледі.
Егер бәрі өзінің көлігімен жүретін болса, карантин енгізудің мәні болмайды. Ертеңгі күннен бастап карантиндік режим күшейеді. Қаланың өмірін қамтамасыз ететіндерден басқалар толық оқшауланады. Барлығыңызды бұған түсіністікпен және жауапкершілікпен қарауды сұраймын, - деп атап айтты Шапкенов.

Полиция қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбағаны үшін, ҚР ӘҚБК-нің 476 бабына сәйкес (төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін) әкімшілік айыппұл немесе әкімшілік қамау қолданылады. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұсталған көлікті айыппұлдық автотұраққа жібере алады.


Өзгелердің жаңалығы