Бас жаңалықтар
Карантин: Алматылықтардың 96 пайызы қауіпсіздік шараларын ескереді
10 Шілде 2020, 21:26 156

Карантин: Алматылықтардың 96 пайызы қауіпсіздік шараларын ескереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Қазір қалада екі апталық карантин жалғасуда. Жалпы Алматы эпидемияға қарсы тұра алуда. Медициналық қызметтің жұмысы қауырт. Десе де, босаңсуға болмайды. Инфекцияны еңсеріп, қаланың қалыпты тіршілігін қалпына келтіру үшін көп нәрсе істеу керек. Қала тұрғындары санитарлық нормаларды сақтап, індетпен күресуге шындап кіріскені қуантады. Әлеуметтанушылардың мәліметі бойынша көптеген алматылықтар КВИ-дан сақтанудың неғұрлым "жеңіл" түрін қолдануда екен, – дейді Сағынтаев.

Қала әкімінің айтуынша, сауалнамаға қатысқан әрбір адам "үнемі қолын жуады немесе антисептиктерді пайдаланады екен" (95,9%). Аз, десе де көпшілігі қоғамдық орындарда маска киеді (82,8%).

Бұл ретте мені, қаланың әкімі ретінде жастардың бейқамдығы алаңдатады. 25-тен 40 жасқа дейінгі әрбір бесінші жас қала тұрғыны немесе респонденттердің 25%-ы жұқтыру қаупін сезінбейді немесе мойындамайды. Сондықтан жастарға және орта жастағы қала тұрғындарына айтарым, жиналыңдар! Санитарлық ереже барлығына міндетті. Бұл бейқамдық бізді орға жығады. Жақындарыңыз бен қаланың қауіпсіздігіне қауіп төндірмеңіздер. Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың айтуынша, індет — соғыстың бір түрі. Бұл қауіпті індет бейқамдықты кешірмейді. Біз бірлессек қана бұл дертті жеңе аламыз. Біздің басты қаруымыз — темірдей тәртіп. Індетке қарсы күресте ынтымағымыз үзілмесін, – деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...