Карантин: Алматыда мыңнан астам адамға айыппұл салынды

29 Шілде 2020, 19:22
1183
Бөлісу:
Карантин: Алматыда мыңнан астам адамға айыппұл салынды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қалалық Полиция департаменті қалада карантин нормаларын сақтамаған 1 022 адам жауапқа тартылғанын мәлімдеді.

Азаматтардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың, сондай-ақ гигиена стандарттарының сақталуын бақылау мақсатында Алматы қаласында әкімдік, СЭС және полиция қызметкерлерінің арасынан арнайы мониторингтік топтар құрылды. 5 шілдеден бастап ҚР ӘҚбК-нің 425-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке  1 022 адам тартылды, олардың 90-ы өткен күні анықталған.

 Азаматтардың көп келетін орындары, қызмет көрсету, тамақтану орындары және т.б. үнемі тексеріліп отырады. Сонымен қатар, санитарлық дәрігердің талаптарына сәйкес келмейтін массаж, сұлулық салондары, барлар, мейрамханаларды анықтау бойынша жедел бөлімшелер жұмыс істейді.  Арнайы рейдтер барлық жерде және тұрақты негізде жүргізіліп отырады, - дейді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.

Өзгелердің жаңалығы