Карантин: 500-ден астам адамның үстінен іс қозғалды

7 Тамыз 2020, 22:28
1021
Бөлісу:
Карантин: 500-ден астам адамның үстінен іс қозғалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау полициясы коронавирусқа қатысты шектеу шараларын бұзған азаматтардың үстінен әкімшілік іс қозғады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Карантин басталғаннан бері бүгінгі күнге дейін 570 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деді Маңғыстау полициясының басшысы Жанарбек Бақтыбаев.

Облыс бойынша 26 мониторингтік топ құрылып, олар нысандарды тексеріп, шектеу шараларын бұзуды анықтаумен айналысады. 5 шілдеден бастап осы күнге дейін топтармен 170-тен астам бұзушылық анықталды. Қоғамдық орындарда тәртіп сақшылары карантин режимін сақтамаған азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қарт адамдар мен көшелердегі азаматтар тобына аса назар аударылады.

Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев тұрғындарды шектеу шаралары мен оларды жүзеге асыру тәртібі туралы хабардар ете отырып, саналы мінез-құлық көрсетуге шақырады, енгізілген тыйымдарға немқұрайлы қарауға жол берілмейтіндігі және қауіптілігі туралы ескертеді.


Өзгелердің жаңалығы