Қарақалпақстанда үш күннен бері орман өртеніп жатыр

30 Қараша 2021, 21:03
1426
Бөлісу:
Қарақалпақстанда үш күннен бері орман өртеніп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарақалпақстан Республикасының Әмудария облысында  қалың тоғай арасындағы өртті сөндіру мүмкін болмай тұр.

Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өсімдіктер мен фаунаға келтірілген шығын әлі есептелмеген.

Аудандағы өртті сөндіруге 500 адам мен 10-нан астам техника жұмылдырылған. Бірақ өрт бірнеше рет сөндірілсе де, қайта тұтануда.

Қазіргі уақытта өрт Түркіменстанмен шекарада орналасқан үйлерге жақындап қалған. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы