Қарағандының сауда үйлерінде вакцинациялау орындары жұмыс істеп тұр

15 Сәуір 2021, 13:30
1851
Бөлісу:
Қарағандының сауда үйлерінде вакцинациялау орындары жұмыс істеп тұр

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандының ірі сауда үйлерінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салатын пунктер ашылды. Енді тұрғындардың өздеріне ыңғайлы жерде екпе алуға мүмкіндіктері бар.

Қазіргі уақытта қаланың «Global Сity» және «Таир» сауда үйлеріндегі арнайы орталықтарда екпе алуға болады. Жақын күндері тағы да ірі екі сауда орталығында вакцина салу бөлімін ашу жоспарлануда.

Қарағандының сауда үйлерінде вакцинациялау орындары жұмыс істеп тұр

«Таир» сауда үйіндегі вакцинациялау пункті ғимараттың екінші қабатында орналасқан. Екпе салу орнын арнайы көрсеткіштер арқылы табуға болады. Вакцинациялау пунктін күніне шамамен 100 адамға екпе салады. «Таир» сауда үйіндегі вакцинациялау пунктінде «Мерей» клиникасының мамандары жұмыс істейді. Екпені 18 жастан асқан кез келген тұрғын ала алады. 65 жастан асқан азаматтарға шектеу жоқ. Бастысы ауыр сырқаты болмаса болғаны. Сондай-ақ, жүкті әйелдерге екпе салынбайды,- дейді клиниканың директоры Қанат Наурызбаев.

Сауда үйлеріндегі вакцинациялау бөлімдері екпе салуға қажетті жабдықтардың барлығымен қамтылған. Екпе алушыларға білікті медицина мамандары қызмет көрсетеді. Пункттер бақылау, екпе жасау және вакцинадан кейінгі бақылау аймағына бөлінген. Сондай-ақ, шұғыл көмеу көрсету кабинеті де бар.

Қарағандының сауда үйлерінде вакцинациялау орындары жұмыс істеп тұр

Облыстық денсаулық басқармасының мәліметінше, жалпыхалықтық вакцинациялауды жүзеге асыру үшін облыс бойынша 112 орталық ұйымдастарылған. Сәуір айының соңына дейін коронавирустық инфекцияға қарсы 217 мың тұрғынға вакцина салу жоспарлануда.



Өзгелердің жаңалығы