Қарағандылық сарбаздар ШҚО-да су тасқынының алдын алуда

14 Сәуір 2021, 18:35
1367
Бөлісу:
Қарағандылық сарбаздар ШҚО-да су тасқынының алдын алуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда әскери қызметшілер су тасқынына қарсы іс-шараларды жалғастырып жатыр. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қарағанды облысынан келген № 52859 әскери бөлімінің жеке құрамынан 50 адам жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындарға қар шығару, арықтар мен су өткізу құбырларын тазалау жұмыстарына белсенді көмек көрсетуде. Олар Алтай ауданында ұзындығы 53 метр мұзды кесті, 9 су өткізу құбырлары мен 3700 метр арықты тазалады, инертті материал салынған 720 қап төседі, 15 үйдің ауласы қар мен мұздан тазаланды. Жеке құрам тәулік бойы Бұқтырма мен Хамир өзендеріндегі жергілікті тоғанның су деңгейіне мониторинг жүргізуде, - делінген хабарламада.

Қарағандылық сарбаздар ШҚО-да су тасқынының алдын алуда

Көкпекті ауданында 400 метр арық тазаланды, 16 аула мен 15 су құбыры тазаланып, 48 метр мұз кесілді, 2500 қап төселді. 

Қарағандылық сарбаздар ШҚО-да су тасқынының алдын алуда

Еске салатын болсақ, әскери қызметшілер Төтенше жағдайлар министрінің нұсқауына сәйкес келген және су тасқыны қауіпті аудандарда орналасты. 

Өзгелердің жаңалығы