Қарағандылық дәрігерлер қайта вакцинациядан қашан өту керектігін айтты

30 Қазан 2021, 11:49
240623
Бөлісу:
Қарағандылық дәрігерлер қайта вакцинациядан қашан өту керектігін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарашаның үшінші онкүндігінде Қарағанды облысында коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинация басталады. Дәрігерлер кросс-ревакцинациядан өтуді ұсынады.

Оның артықшылығы неде және негліктен қайта иммундау қажеттілігі туындайтыны жайлы инфекционист дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Розалия Бегайдарова Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифингте атйп берді.

Коронавирустық пандемия бүкіл әлемде жалғасуда. Барлық елде жаңа штамдар пайда болуда. Қайта екпе салу  ағзаны қорғау үшін антиденелердің жеткілікті деңгейінің қалыптасуына мүмкіндік береді.

Қазақстанда ревакцинация ерікті негізде өтеді. Барлық вакцинация тегін.

«Кросс-вакцинация – бұл адамға бұрын алмаған препаратты егуді білдіреді, - деп түсіндірді Розалия Бегайдарова. – Егер адам алдымен «Спутник V» векторлық вакцинасымен егілсе, онда белсенді емес – QazVac, Pfizer, Hayat-Vax және т.б. қайта вакцинациядан өтуі қажет.

Қайта иммундау мерзімі екі дозаны алғаннан кейін алты айдан тоғыз айға дейін созылады. Оның ұзақтығы бірінші рет алынған вакцинаға байланысты. «Спутник V»-ден кейін тоғыз ай күту керек. Басқа жағдайларда – алты ай.

Ревакцинация ең алдымен коронавирус жұқтыру қаупі жоғары адамдарға ұсынылады. Ол дәрігерлер, педагогтар, құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлері және қызмет көрсету саласында жұмыс істейтіндер. Ревакцинация әсіресе 60 жастан асқан адамдарға көрсетілген. Қарсы көрсеткіш – бұл алғашқы вакцинациядан кейін пайда болған күшті аллергиялық реакция.

Өзгелердің жаңалығы