Қарағандыдағы ауруханаларда төсек-орын саны көбейтіледі

4 Сәуір 2021, 02:40
1530
Бөлісу:
Қарағандыдағы ауруханаларда төсек-орын саны көбейтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыдакоронавирустың өршуіне байланысты инфекциялық стационарларындағы жатын орын саны артады. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гамаль Тоқсамбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның сөзінше, қалада коронивирус жұқтырғандар саны ұлғайған. Жағдайдың ушығуына наурыздағы мейрамдар әсер еткен.

Карантин шаралары күшейтілгеніне қарамастан адамдар топтасып жиналған. Салдарынан ауру жұқтырғандар саны артып жатыр. Бұл жатын орын санына да әсер етіп отыр. Біз коронавирус жұқтырғандарға арналған қосымша орын дайындау туралы шешім қабылдадық. Резервте болған 2 мың жатын орынды біртіндеп іске қосамыз, - деді Гамаль Тоқсамбаев.
Басқарма басшысы бүгінде 700 жатын орын дайын екенін, келесі аптада тағы 400 орын пайдалануға берілетінін атап өтті. Сондай-ақ Гамаль Тоқсамбаев инфекциялық стационарларда дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ екенін айтты.
Коронавирустың алғашқы толқынындағы кемшіліктер мен тәжірибені ескердік. Денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын күшейттік, - деді басшы.


Облыстың бас санитар дәрігері Юрий Залыгин өңірде британдық, оңтүстікафрикалық және бразилиялық штамдарға тән коронавирустың ықтимал мутациясы анықталды деген пікірде.
Мутацияның бар-жоғы және оның аталған штамдарға жататын-жатпайтыны бір айдың ішінде расталады. Облыс бойынша ауру жұқтырғандардың басым бөлігі Қарағанды мен Теміртауда тіркеліп жатыр. Қарағандыда коронивирус жұқтырғандар үлесі – 50%, - деді Залыгин.
Облыс коронавирустың таралу қарқыны бойынша «сары аймаққа» енген.
Өзгелердің жаңалығы