Қарағандыда үстел теннисінен халықаралық турнир өтеді

14 Қыркүйек 2021, 00:23
1868
Бөлісу:
Қарағандыда үстел теннисінен халықаралық турнир өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 қыркүйекте Қарағандыда үстел теннисінен «ITTF Kazakhstan International Open» халықаралық турнирінің ашылуы өтеді.

Бұл жарыстар ағымдағы жылы ТМД елдері аумағында өтетін жалғыз рейтингтік жарыс.

Спортшылардың жүлде қоры 30 000 АҚШ долларын құрайды.

Турнирге алаң иелерінен басқа Австрия, Сауд Арабиясы, Үндістан, Беларусь, Ресей, Өзбекстан мен Қырғызстан спортшылары қатысады.

Кішкентай ракетка шеберлері бес күн бойы «Сарыарқа» үстел теннис орталығында бақ сынайды.


Өзгелердің жаңалығы