Қарағандыда үлкен теннистен республикалық турнир жеңімпаздары анықталды

4 Мамыр 2021, 20:05
1126
Бөлісу:
Қарағандыда үлкен теннистен республикалық турнир жеңімпаздары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандының жаңа теннис орталығында республикалық Каraganda Masters 12&under турнирі өтті. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үлкен теннис бойынша жарысқа Қазақстанның 12 қаласынан 84 жас спортшы қатысты. Теннисшілердің жасы –  9–12 жас аралығында болды.

Бұл турнир – рейтингтік: оның қатысушылары ҚР теннис федерациясынан ұпай алады, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер – дипломдар мен медальдар иеленеді.

Турнир жекелей сында да, жұптық сында да өткізіледі. Барлық матчтар санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті. Әр ойыншының ПТР-тесті теріс, олар жарыс басталардан 72 сағат бұрын тапсырылған, – деп атап өтті жарыстың бас төрешісі Жасұлан Сартаев.

Турнир қорытындысы бойынша бірінші орындарға келесі спортшылар ие болды:

- қыздар арасындағы жекелей сында – Руслана Русланова (Нұр-Сұлтан);

- ұлдар арасында жекелей сында – Даниель Юрекли (Нұр-Сұлтан);

- қыздар арасындағы жұптық сында –  Адия Омарбек / Сабина Серікқали (Нұр-Сұлтан);

- ұлдар арасындағы жұптық сында – Даниель Юрекли (Нұр-Сұлтан) / Арафат Мұстафа (Атырау).

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және медальдармен марапатталды.

Біздің облысты 16 теннисші таныстырды. Қарағандылық спортшылардан 11 жасар Родион Трайгель үздік нәтиже көрсетті. Ол жекелей сында үшінші орын алды. Спортшы тенниспен 5 жылдан бері айналысып келеді. Бұрын Көкшетауда ойнаған, ал бір жыл бұрын оны Қарағандыға шақырған.

Жартылай финалда менің қарсыласым Нұр-Сұлтан қаласынан келген Радмир Кулькеевич болды. Өткен турнирде мен онымен үш сетте ойнадым. Осы турнирде жартылай финалға шығу үшін мен тағы да онымен ойнадым. Бірінші сет мен 4:6 есебімен ұтылдым, ал екінші сет 6:1 ұттым. Тай-брейкте мен 10:5 есебімен жеңдім. Финалда шымкенттік Мәди Әбибуллаға қарсы ойнадым. Мачт өте жеңіл болды, мен 6:1, 6:0 есебімен жеңдім. Қазақстан чемпионаттарына 10-ға жуық рет қатыстым, – дейді Родион. 
Өзгелердің жаңалығы