Қарағандыда көлік ұрлаған күдікті полицейді қағып кетті

25 Қыркүйек 2021, 23:35
4302
Бөлісу:
Қарағандыда көлік ұрлаған күдікті полицейді қағып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының Жаңарқа елді мекенінен «Мицубиси» маркалы көлікті ұрлап, айдап кеткен күдікті елордада ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті мәлімдеді.

25 қыркүйек күні сағат 13:55-те 102 нөміріне Қарағанды облысының Жаңарқа елді мекенінен таңғы сағат 05:00-де «Мицубиси» маркалы автомобильді айдап кеткені туралы бағыттама түсті. Қабылданған іс-шаралардың арқасында аталған көлік елорда аумағында байқалған.

Ведомство мәліметінше, полиция қызметкерлері күдікті көлікті Ташенов көшесі бойында қоршауға алған. Бірақ ұрланған көліктің рөлінде отырған күдікті артқа жүріп, полиция қызметкерін қағып кеткен. Полиция қызметкері дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

22 жастағы құқық бұзушы ұсталып, уақытша изоляторға қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Көлікті айдап әкетумен қатар күдіктінің үстінен ҚР ҚК 380-бабы, 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалды, – деді қалалық полиция департаментінен.

Өзгелердің жаңалығы