Қарағандыда домбыра күніне орай фестиваль өтеді

27 Маусым 2019, 09:47
2700
Бөлісу:
Қарағандыда домбыра күніне орай фестиваль өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 шілде күні домбыра күні қарсаңында Достық үйінде «Ұлы дала перзенті» атты шертпе күй фестивалі өтеді, деп хабарлады karaganda-region.gov.kz. 

Фестиваль композитор Сембек Айдосұлының 155 жылдығына арналған. Оған «Жыр қағаны» поэтикалық байқауының жеңімпазы Айдын Байыс, күйші, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Жанғали Жүзбаев, өнертану докторы Ардаби Маулетұлы, өнер қайраткері Болат Тәкішев, сондай-ақ дәстүрлі орындаушылар Медет Осатаев, Айгүл Бақторазқызы және басқа да орындаушылар қатысады.

"Сембек Айдосұлы Қарағанды өңірінде ғана емес, сонымен қатар басқа аймақтарда да танымал композитор және күйші. Қазақстанда Ұлттық домбыра күні биыл екінші жыл аталып өтеді. Өткен жылдың 13 маусымында Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау және қайта жаңғырту идеясының айналасында қоғамды одан әрі біріктіру мақсатында осы мерекені жариялаған болатын. Домбыра күні жыл сайын шілде айының бірінші жексенбісінде мерекеленді", -делінген таратылған ақпаратта

Өзгелердің жаңалығы