Қарағандыда балалар стоматологиясы бөлімі ашылды

12 Ақпан 2021, 07:36
1648
Бөлісу:
Қарағандыда балалар стоматологиясы бөлімі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балалар бөлімшесі өз жұмысын Қарағандыдағы облыстық стоматологиялық емхана жанынан бастады. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, мұнда 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге тегін көмек көрсетіледі.

Балалар стоматологиясы Ержанов көшесі, 47/2-де ашылды. Бөлімшеде алты кабинет құрылған. Олардың барлығы заманауи неміс, итальян және жапон жабдықтарымен жабдықталған. Стоматологтар қолданатын құралдарды зарарсыздандыру бөліміне жоғары талаптар қойылады. Бүгінгі таңда 21 дәрігер және 14 медбике бар.

Кәсіби стоматологтар қызметтердің ауқымды түрлерін ұсынады. Сау тістерді қалпына келтіруден бастап, қызыл иек ауруларының алдын алуға дейін.

Әрбір кішкентай пациент біз үшін ерекше, сондықтан біздің дәрігерлеріміз сәл психолог ретінде де өздерін көрсете біледі. Барлық балаларға жеке назар бөліп, бақылаймыз. Балаларды емдеудегі ерекшеліктерге келетін болсақ. Мысалы, үш жасқа дейінгі балаларға тұрақты анестезия жасау мүмкін емес. Оларға заманауи анестетиктер қажет, сондықтан дұрыс дозаны есептеу өте маңызды, - деді бөлім меңгерушісі Елена Нам.

Өзгелердің жаңалығы