Қарағандыда балалар ойын алаңдары жөнделді

22 Қазан 2019, 16:41
3647
Бөлісу:
Қарағандыда балалар ойын алаңдары жөнделді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы айда Қарағандыда 14 балалар алаңы жөнделді, деп хабарлады karaganda-region.gov.kz.

Қаладағы балалар алаңдарын кесте бойынша емес, қажеттілігіне қарай жөндейді. Басқарма қызметкерлерінің айтуынша, көбінесе шынжырлар, тростар, қоршаудың металл торы, жасанды жабыны жарамсыз болып қалады.

"Қандай да бір жөндеу кестесі жоқ, себебі күн сайын бір ғана нысанда белгілі бір заттар сына бермейді. Егер қалпына келтіру жұмыстарының қажеттілігі туындаса, бұл туралы басшылыққа белгілі бір учаскенің шебері хабарлайды. Жөндеу орнына дәнекерлеушілер мен ағаш ұсталар кіретін бригада барады", - деді КМК өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Жанат Нұржанов.

Сондай-ақ, кәсіпорын қызметкерлері street workout үшін төрт алаңның жабынын ауыстырды. Бұл жабын ұзақ және сенімді болып саналады. Оның құрамындағы негізгі компонент полиэтилен болып табылады. Ол жарыққа төзімділіктің жоғары дәрежесіне ие және -400 С-ден + 400 С-ге дейін температураға төзе алады. 

Өзгелердің жаңалығы