Қарағандыда Әлімхан Ермеков тұрған үйге мемориалдық тақта ілінді

14 Қазан 2020, 20:45
2533
Бөлісу:
Қарағандыда Әлімхан Ермеков тұрған үйге мемориалдық тақта ілінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қарағандыда Әлімхан Ермеков тұрған үйге мемориалдық тақта ілінді.

Бұл туралы журналист Қамбар Ахмет әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Қарағанды руханияты үшін биылғы жыл жемісті болды. Біраз күн бұрын ғана бұл Ленин көшесі еді. Міне, бүгін Абай 58 деген тақтайша тұр. Биыл Қазақ автономиясын құру және оның территориясын белгілеу туралы декретке 100 жыл толды. Сол кезде бар-жоғы 29 жаста болған Әлекең Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлы  қолдауымен Лениннің алдында баяндама жасап, осының нәтижесінде қазақ елінің шекарасы тұңғыш рет бекітілді. Осы үш оқиғаның бір арнаға тоғысуы кездейсоқтық деп ойламаймын. Бұл – тарихи әділдіктің салтанат құруы! Барша Алаш жұртының қуанышы! Құтты болсын!, – деп жазды ол.

Шараға Қарағанды техникалық университеті бастамашы болған. Әлекең 1950 жылдары осы жоғары оқу орнында жоғары математика кафедрасында жұмыс істеген.

Өзгелердің жаңалығы