Бас жаңалықтар
Қарағандыда 800 мың  түп гүл отырғызылады
24 Мамыр 2019, 22:46 552

Қарағандыда 800 мың түп гүл отырғызылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы көктемде облыс орталығында 805 мың гүл отырғызылады. Бұл туралы облыс әкімдігінің сайты хабарлады.

Гүл отырғызу жұмыстары Жұлдыздар аллеясында, орталық саябаққа кіре берісте, 45 орамда және Кеншілер мәдениет сарайында басталды. 

"Әзірге гүл отырғызу гүлзарларда басталды. Жақын арада қалада көгалдандыруға арналған гүлді конструкциялар орнатылады. Оның саны қаламызда барлығы 412 болады. Биылғы жылы Қарағандыда алғаш рет сегіз мың көпжылдық қызғылт бұталар мен бес мыңнан астам Барбарис, спирея және кеспе бұталар отырғызылады. Дәстүрлі түрде қала барқытгүлдермен және петуньялармен безендіріледі", - делінген таратылған ақпаратта.

Өткен жылы Қарағандыда 668 мың гүл отырғызылды. Олардың барлығы бір жылдық гүлдер болды.


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық