Қарағандыда қоқыс жинайтын алаңдар жаңартылып жатыр

27 Маусым 2019, 10:23
2507
Бөлісу:
Қарағандыда қоқыс жинайтын алаңдар жаңартылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда қоқыс жинау жүйесін түбегейлі өзгерту туралы шешім қабылданды. Ұсқынсыз темір бактары бар алаңдар енді артта қалды. Олардың орнына пластик еуроконтейнерлері мен тұрмыстық қалдықтарға арналған торлары бар қазіргі заманғы қоқыс жинау пункттері пайда болады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Осындай алғашқы алаң Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында, Волочаевск көшесінің № 45 үйінің ауласында құрылды. Бұл қоқыс алаңы жақын маңдағы оннан астам көпқабатты үйлерге қызмет етеді. Тұрғындар енді қоқысты сұрыптауға дағдылана бастайды. Еуроконтейнерлермен бірге мұнда металл, пластик, картон және шыны жинайтын бөлек жәшіктер болады.

Алаң тазалағын компания жұмыскерлері қадағалайтын болады. Бұл ретте тәулік бойғы кезекшілік те қарастырылған. Қызметкерлердің ыңғайлығы үшін тұрмыстық қежеттіліктері бар кішігірім құрылыстар орнатылған.

«Біз мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде қоқыс жинау пункттерін салу жөніндегі жобаны іске асыру туралы бастаманы алға тарттық. Оның басты мақсаты - қызмет көрсету сапасын жақсарту, қаланы таза ету және адамдарға қоқысты бөлек жинау мәдениетін үйрету. Алаңдарды өз қаражаттарымызға орналастырамыз. Шығындар тарифке жатпайды. Бір еуроконтейнер 85 мың теңге тұрады. Билік тарапынан жер учаскесін беру және қажетті инженерлік коммуникацияларды жүргізу секілді көмек көрсетілді», - деді «ГорКомТранс» ЖШС Бас директоры Марат Бимағамбетов.

Оның айтуынша, 2019-2020 жылдары қала бойынша 300 қоқыс жинайтын пункт салу жоспарланып отыр. Келесі осындай алаң үшін Октябрь ауданында, «Көгілдір тоған» шағын ауданында орын анықталды.

Оңтүстік-Шығыстағы кезекті пункт жайластыру үшін Шахтерлер көшесі, 52 мекенжайы таңдалды. Ол үлкен тұрғын үй кешеніне қызмет көрсететін болады. Бірінші қоқыс жинау пунктінің ашылуына ПИК басшыларын арнайы шақырды.

«Тәртіп үшін жауапкершілік ортақ болуы тиіс екенін түсіну керек. Біз жағдай жасаймыз, ал тұтынушылар жаңа ережелерді қолдайды және қоқысты бөлек жинауға үйренеді. Тек бірлесіп қана біз қаланы таза ете аламыз», - дейді компания басшысы.

Ол сұрыптап жиналған қоқыстың одан әрі қайда жөнелтілетіні туралы да айтты. Қарағандыда қоқыс өңдейтін зауытта пластик шөлмектерден синтетикалық талшықтарды өндіру үшін шикізат алады – оны холлофайбер дайындайтын ресейлік зауыттардың біріне жібереді. Картон мен қағазды құс фабрикаларының тапсырыстары бойынша жұмыртқаға арналған лотоктар шығаратын жергілікті өндірушіге жеткізеді. Өңдеуге жіберілетін шыны Көкшетауға жөнелтіледі. Ал пластик пен полиэтиленді қайта өңдеумен айналысатын әртүрлі компаниялар алады.

Қызмет көрсетуші сондай-ақ көлік паркін жаңартуды көздеп отыр. Бас директор хабарлағандай, компания еуроконтейнерлерге лайықталған жаңа үлгідегі қоқыс тасығышты тест-драйвқа алды. Егер техника өз артықшылықтарын көрсетсе, сатып алу ұсыныстары қарастырылады.


Өзгелердің жаңалығы