Қарағанды шахтасындағы жарылыстан жарақат алған кеншілер ауруханадан шықты
15 Қараша 2021, 20:00 75

Қарағанды шахтасындағы жарылыстан жарақат алған кеншілер ауруханадан шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының «Абай» шахтасында метан газынан уланған екі кенші бүгін ауруханадан шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».  

58 жастағы Жеңіс Маралбаев пен 61 жастағы Элайдар Зейналов өздерін жақсы сезінеді. Денсаулықтары қалыпқа келген. Алайда оқыс оқиғадан жүрексініп қалғандықтан шахтаға қайтадан оралғылары жоқ. 

Еске салсақ, 7 қарашада Абай шахтасында апат болып, 6 кенші көз жұмған еді. Екі кенші ес-түссіз ауруханаға жеткізілген болатын. 

Жігіттерге, Әскери тау-кен құтқару бөлімшесіне рахмет. Тез келді. Бір сағаттан кешіксе, тірі қалмайтын едік. Дәрігерлерге көп рахмет. Қазір денсаулығымыз жақсы. Енді жұмысқа баруға болмайды. Бармаймын, – дейді кенші Жеңіс Маралбаев.
Таксикология бөлімінің меңгерушісі ес-түссіз ауруханаға түскен кеншілердің қазіргі жағдайлары бірқалыпты екенін айтты.
Амбулаторлық ем қабылдайды. Қазіргі жағдайда жұмысқа шыға алмайды. Кішкене бір 2-3 аптадай өз емханаларында қаралу керек, – дейді таксикология бөлімінің меңгерушісі Сәуле Смағұлова.



Фото: дереккөз
Загрузка...