Қарағанды облысының Ынтымақ ауылында сайлаушылардың 62%-ы дауыс беріп үлгерді

25 Шілде 2021, 15:30
3006
Бөлісу:
Қарағанды облысының Ынтымақ ауылында сайлаушылардың 62%-ы дауыс беріп үлгерді
PHOTO
Фото: автордан

Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бұқар жырау ауданы, Ақтөбе селолық округіне қарасты Ынтымақ ауылында сайлау науқаны белсенді өтіп жатыр. 14.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 62 пайызы дауыс берген.

Ынтымақта 141 сайлаушы бар. Бүгін олар өз ауылдарының әкімін тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болып отыр.

Бұқар жырау ауданы, Ақтөбе селолық округі, Ынтымақ селосындағы №535 сайлау учаскесі таңғы 7.00-ден бастап жұмыс істеп тұр. Жалпы Ынтымақ ауылында барлығы 141 сайлаушы бар. Олардың 62 пайызы өз таңдауларын жасады. Сайлау учаскесі кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді,- дейді сайлау учаскесінің төрайымы Назым Майкубенова.
Қарағанды облысының Ынтымақ ауылында сайлаушылардың 62%-ы дауыс беріп үлгерді

Оның айтуынша, учаскеде барлық санитарлық талаптар сақталған. Сайлау комиссиясының мүшелеріне алдын ала түсіндіру, ақпараттандыру жұмыстары жүргізілген.

Сайлауға халық белсенді қатысуда. Өйткені ауыл әкімдерін халықтың тікелей сайлауы тәуелсіз Қазақстанның тарихында алғаш рет болып отыр. Ауыл тұрғындары сайланатын әкімдерге үлкен сенім артып отыр,- дейді Н. Майкубенова.
Қарағанды облысының Ынтымақ ауылында сайлаушылардың 62%-ы дауыс беріп үлгерді

Еске салайық, Қарағанды облысында 149 сайлау учаскесінде ауыл әкімдеріне дауыс беру процесі жүріп жатыр. 75 ауылдың әкімдігіне үміткер ретінде 257 кандидат тіркелген. Ең көп ауыл әкімдері Бұқар Жырау, Нұра, Қарқаралы және Осакароы аудандарында сайланатын болады.

Қарағанды облысының Ынтымақ ауылында сайлаушылардың 62%-ы дауыс беріп үлгерді

Өзгелердің жаңалығы