Бас жаңалықтар
Қарағанды облысының бас санитары үндеу жасады
18 Қаңтар 2021, 23:23 601

Қарағанды облысының бас санитары үндеу жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Юрий Залыгин Қарағанды облысының тұрғындарына арнайы үндеу жолдады. Бұл туралы облыстың баспасөз қызметі хабарлады.

Қарағанды облысы 2021 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «сары аймақта» тұр. 2021 жылғы 18 қаңтардағы жағдай бойынша облыста барлығы 12 782 коронавирустық инфекция жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 899,8 құрады. Ауру құрылымында ауру белгілері - 54,9% және ауру белгілерінсіз вирус тасымалдаушылар - 45,1%. Эпидемиологиялық жағдай күрделі деп бағаланып отыр, коронавирустық инфекция бойынша сырқаттанушылықтың күнделікті өсуі тіркелуде - делінген хабарламада.

Сондықтан, аурудың өршуіне жол бермеу мақсатында облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы талаптарының сақталуын қатаң қамтамасыз ету қажет. 

Балаларға, жасы үлкен адамдарға және ауруға өте сезімтал созылмалы аурулары бар адамдарға ерекшеназар аудару қажет. Сіздің денсаулығыңыз, жақындарыңыздың денсаулығы өзіңіздің қолыңызда, сондықтан оқшаулануды, биоқауіпсіздік ережелерін (маска кию, антисептиктерді қолдану, әлеуметтік қашықтық) сақтауларыңыз қажет. Қазіргі уақытта жекелеген аумақтарда да, жалпы облыс көлемінде карантиндік іс-шараларды қабылдау мәселесі қарастырылуда. Қарағанды облысының Бас санитариялық дәрігері ретінде барлық азаматтарды  санитариялық шаралар мен шектеулерді мүлтіксіз сақтауға шақырамын, бұл коронавирустық инфекцияның таралуын бақылаудың жалғыз жолы - делінген Бас санитардың үндеуінде.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...