Қарағанды облысының әкімі тұрғындарға алғыс айтты

14 Тамыз 2019, 10:47
1852
Бөлісу:
Қарағанды облысының әкімі тұрғындарға алғыс айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі аймақ тұрғындарына «Бірге – Таза Қазақстан!» акциясына қатысқандары үшін алғысын білдірді, деп хабарлады karaganda-region.gov.kz

Ерлан Қошанов аумақтарды тазалау үшін алғаш рет мониторингтің спутниктік технологиялары қолданғанын мәлімдеді. 

"Эко-сенбіліктерге қатысқандардың барлығына алғыс айтқым келеді. Бұл жолы біз алғаш рет жер серіктердің көмегімен рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін анықтадық. Облыстың барлық өңірлері акцияны қолдады", - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, ол облыстың көптеген елді мекендерінде көшелер мен аулаларда тәртіп орнату керектігін атап өтті. Ерлан Қошанов қол астындағыларға рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді және контейнерлік алаңдардағы көлемді құрылыс қоқыстарын көрсетті.

"Қоқысты уақытында шығаруға байланысты проблемалардың бірі - мердігерде кадрлардың жетіспеушілігі. Қазір біз фирмамен кадр тапшылығын төмендету үшін жалақыны көтеру жөнінде келіссөздер жүргізудеміз. Бұл жолы бес жаңа техника шығарылды, бірақ бұл аз. Ал ауқымды емес қоқыстарды шығаруға келер болсақ, қазір бұл қызмет қала тұрғындары үшін белгіленген тарифке кірмейді. Сондықтан біз қалалық мәслихат сессиясында қаланың әр ауданы үшін құрылыс қоқыстарын шығару үшін фирмалардың шығындарын өтейтін қосымша соманы бекіттік", - деді Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров. 

Ерлан Қошанов бұл мәселелерді ерекше бақылауға алуды тапсырды. Сонымен қатар, облыстың барлық қалалары мен аудандарында жасыл желектерді күтіп, баптау керектігі айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Бірге – Таза Қазақстан!» акциясы Қарағанды облысында әр сенбі сайын үш апта бойы жүргізіліп келеді. Шараға еріктілер, мемлекеттік қызметкерлер мен өңірдің мыңдаған тұрғындары қатысты.

Өзгелердің жаңалығы