Қарағанды облысында балабақшалар жөндеуден өтеді

20 Тамыз 2019, 17:45
1585
Бөлісу:
Қарағанды облысында балабақшалар жөндеуден өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы бойынша Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде балабақшалар мен ТКШ нысандары жөндеуден өтеді, деп хабарлады karaganda-region.gov.kz.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров жұмыс сапарымен Жаңаарқа ауданына барып, өңірде «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыру барысымен танысты.

Атасу кентінде осы бағыт бойынша 10 жоба жүзеге асырылуда. Тізімге коммуналдық-инженерлік инфрақұрылымның алты нысаны мен әлеуметтік және көліктік инфрақұрылымның екі жобасы енгізілді. Екі балабақша, тазарту құрылыстары, қазандықтар, жылу трассалары, көше жарықтары және аудан орталығының жеті көшесіндегі жолдар жөнделетін болады.

"Аталмыш жобаларды жүзеге асыру барысында 85 жұмыс орны ашылады. Жұмыстар барлық нысандарда басталды. Бақылау қатаң болуы керек. Жұмыстың әрбір кезеңі мен материалдардың сапасы ерекше назар аударуды талап етеді", - деді Серік Шайдаров.

Облыс әкімінің орынбасары барлық нысандарды аралап, мердігерлердің есебін тыңдады. Ол арнайы жобаны жүзеге асыру барысына көңілі толатынын айтты. 

Инфрақұрылымды және әлеуметтік саланы дамыту бойынша 26 жоба үш аудан орталығында - Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде, Нұра ауданының Нұра кентінде, Ұлытау ауданының Ұлытау ауылында іске асырылады. 

Өзгелердің жаңалығы