Бас жаңалықтар
Қарағанды облысында жасырын покер клубы анықталды
17 Сәуiр 2021, 22:00 231

Қарағанды облысында жасырын покер клубы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері "STOP-ойын" жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізді.

Нәтижесінде Қарағанды қаласы аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған, құрамында 5 адам бар қылмыстық топтың қызметін әшкереледі.

Жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары және жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижесінде Қарағанды қаласындағы қонақ үй кешендерінің бірінде жұмыс істеген астыртын покер клубының қызметінің жолы кесілді.

Оқиға орнынан 2 млн.теңге және 1 мың АҚШ доллары сомасындағы ақша қаражаты, ұялы телефондар, ойын карталарының колодасы, фишкалар мен покер ойнауға арналған үстел тәркіленіп алынды.

Қылмыстық топты ұйымдастырушыларға қатысты (2 адам, біреуі осыған ұқсас қылмысы үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған) "қамауда ұстау"түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 307-бабы 2-б., 262-бабы 1-б. және 2-б. бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Тергеу амалдары жүргізілуде.


Фото: дереккөз
Загрузка...