Қарағанды облысында су тасқыны қаупі бар 129 учаске бақылауға алынды

23 Ақпан 2021, 00:25
1491
Бөлісу:
Қарағанды облысында су тасқыны қаупі бар 129 учаске бақылауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 наурыздан бастап ТЖД-ға күн сайын қар жамылғысының космомониторингі туралы мәліметтер жіберілетін болады. Аймақтың су тасқынына дайындығы туралы өңір әкімі Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов айтты.

Бүгінгі таңда Қарағанды облысында 750 мың текше метр қар шығарылды.

Республикалық маңызы бар автожолдарда су өткізу құбырлары мен көпірлерді тазарту жұмыстары басталды. 1 наурыздан бастап жергілікті маңызы бар жолдар мен темір жолдар тазаланады.

Департамент басшысының айтуынша, негізгі су қоймаларында санитарлық ағызу жүргізіледі. Қазгидрометтің мәліметінше, қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашынның салдарынан Нұра мен Шерубай-Нұра бассейндеріндегі су қоры нормасынан 22-29%-ға артқан.  Қазіргі уақытта күрделі учаскелерде жарылыс жұмыстарын жүргізуге конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Өткен жылдардағыдай азаматтық қорғау күштері мен құралдары іске қосылатын болады. Бұдан басқа, инженерлік, жоғары өтімді және су сорғыш техниканың 20 бірлігімен күшейтілген 100 адамнан тұратын жиынтық топтама құрылды. Осының барлығы ең күрделі учаскелерге жедел бағытталатын болады, – деп есеп берді ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов.

ТЖД басшысы қалалар мен аудандар әкімдерінен арықтар мен нөсер кәріздерінің жағдайына ерекше назар аударуды сұрады. Ол жеке сектор тұрғындарын белсенді қар еру кезеңі басталғанға дейін өз аулаларын және су өткізетін арықтар мен науаларды қар мен қоқыстан тазартуға шақырды.

Барлық әкімдер мен су тасқынының қауіпсіз өтуіне жауапты басшыларға күштер мен құралдардың жоғары дайындығын, материалдық-техникалық құралдардың қажетті қорын қамтамасыз етуді тапсырамын. Су тасқыны кезеңінің өтуі көбінесе ауа райына ғана емес, дайындық деңгейіне де байланысты, – деп атап өтті облыс басшысы Жеңіс Қасымбек.

Өзгелердің жаңалығы