Қарағанды облысында сервистік полиция жобасы сәтті жүзеге асырылуда

28 Қазан 2021, 09:37
15264
Бөлісу:
Қарағанды облысында сервистік полиция жобасы сәтті жүзеге асырылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екі жыл бұрын Қарағанды облысында полицияның сервистік моделі іске қосылды. Бұл құқық қорғау органдарының жұмыс принципін өзгертуге мүмкіндік берді. Ең бастысы қиын жағдайға тап болған адамға жедел көмек көрсету және халықтың полицияға деген сенімін қайтару болды.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Құрамына полицейлер, әкімдік өкілдері, дәрігерлер, педагогтар мен жұртшылық жұмылдырылған топ құрылды.

Халықаралық тәжірибемен танысқаннан кейін, қаладағы қылмыстық жағдайды талдап, қарапайым азаматтардың проблемаларын анықтағаннан соң жұмыстың төрт бағыты анықталды.
Жұртшылықпен байланыс бірінші орынға қойылды. WhatsApp-та чаттар пайда болды, оған учаскелік инспекторлар, ПИК төрағалары мен тұрғындар кірді. Тегін нөмір бойынша зейнеткерлік жастағы адамдармен кері байланыс реттелді. 2021 жылдың ақпан айында полициямен бірге интернеттегі қылмыспен күресетін кибер-шолғыштардың бақылау тобы құрылды. Police 102 мобильді қосымшасы іске қосылды, полициямен шұғыл байланыс терминалдары орнатылды, - делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдарының имиджін көтеру мақсатында «Ашық» учаскелік пункттер орнатыла бастады. Осы жылдың соңына дейін бес жаңа пункт ашылып, тағы 72 пункт жөнделеді. Адамдар көп жиналатын жерлерде үш стационарлық полиция бекеті пайда болды. Қарағанды ПБ ЖБО-да 5 833 бейнебақылау камерасынан сигнал шығарылды.

Материалдық-техникалық база жаңартылды. Полиция қызметкерлеріне бейнетіркегіштер мен планшеттер берілді. JAK маркалы 180 автомобиль сатып алынды. EkinPatrolG2 тоғыз мобильді аппараттық-бағдарламалық кешені жұмыс істейді. 1 қазаннан бастап жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде тіркеуге арналған 80 кешен пайдалануға берілді, - делінген хабарламада.

Жас полицейлерді қосымша даярлау және тәжірибелі кадрларды қайта даярлау үшін 3 және 6 айлық арнайы оқыту курстары ашылды.

8 айда қабылданған шаралар пәтер ұрлығының 27,5%-ға, бұзақылықтың 19%-ға, тонаудың 31%-ға төмендеуіне әсер етті.

Өзгелердің жаңалығы